Азық – түлік өнімдерінің технологиясы

Білім саласы
6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

Дайындық бағыты
6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

Білім беру бағдарламаларының тобы
B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

БББ мақсаты:

Заманауи экономика мен еңбек нарығының талаптарына жауап беретін кәсіби және әлеуметтік құзыреттерге ие тамақ өнеркәсібінің ет, сүт, консерві салаларының кәсіпорындары үшін жоғары білікті кадрлар даярлау

Кәсіби қызмет саласында заманауи техниканы, ақпараттық технологияларды  және жасанды интеллектті қолданады

Кәсіби және жеке қызметте экономика, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері туралы білімді пайдаланады

Математика, физика және механика заңдары негізінде тамақ өнімдерін өндіру саласындағы инженерлік-техникалық міндеттерді шешеді

Химия және микробиология заңдары негізінде тамақ өнімдерін өндіру саласындағы кәсіби міндеттерді шешеді

Азық түлік өндірісінің теориялық негіздерін,  ғылыми этика мен академиялық адалдық принциптерін түсіндіреді

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында тіршілік қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды және тұрақты дамуды қамтамасыз етеді

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында (ет, сүт, консерві) жоғары сапалы өнім шығару үшін технологиялық процесті ұйымдастырады

Нормативтік құжаттарға сәйкес өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін ұйымдастырады

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында технологиялық жабдықтардың әртүрлі түрлерін тиімді пайдаланады

Тамақ өндірісі кәсіпорындарын (ет өңдеу, сүт және консерві салалары) жобалайды

Ғылыми білімдер негізінде тамақ өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыруға қабілетті

Экономика және кәсіпкерлік білімдері негізінде тамақ өнеркәсібі саласындағы бизнесті ұйымдастыруа алады

Ет өңдеу, сүт және консерві салаларының кәсіпорындарында өнім өндіруді басқарады
 

Тамақ өнеркәсібінің салалары (ет, сүт, консервілеу, қоғамдық тамақтандыру), мамандандырылған жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жобалау ұйымдары

Ұйымдастырушылық және басқарушылық:

  • ет, балық, сүт, консервілер, тамақ концентраттары және қоғамдық тамақтандыру өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін ұйымдастыру және жетілдіру;
  • кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау және маркетингтік қызмет.
  • басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысу;

Өндірістік және технологиялық:

  • өндірілетін тамақ өнімдері мен көрсетілетін қызметтердің сапасын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін бақылау;
  • экология, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын ескере отырып, кәсіпорындардың техникалық жабдықталуы мен өндірістік қызметін талдау;
  • тамақ өнімдерін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды орындау.

Жобалық:

  • қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын, ет, балық, сүт, консервілеу өнеркәсібін жобалауға және қайта құруға қатысу;

Зерттеу:

  • тамақ өнеркәсібі саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және әлемдік ғылыми жетістіктерді зерделеу және талдау

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, ет, балық, сүт, консервілеу өнеркәсібі кәсіпорындары, жобалау ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары

 

Оқыту бағытына лицензия нөмірі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға арналған 2025 жылғы 3 наурыздағы № KZ21LAM00001179 лицензияға №4 қосымша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 28 ақпандағы №303 бұйрығы

Құжаттама

Өмір мен оқиғалар туралы көбірек
біздің әлеуметтік желілерде
Онлайн кеңесшіге жазыңыз
Біз жұмыс уақытында сағат
8:30-дан 17:30-ға дейін байланыстамыз